• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қыркүйек, 2019

Қайырлы қадам

244 рет
көрсетілді

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз халқының алдында маңызды Жолдауын жариялады. Бұл – Қазақстанның ұлттық дамуын тұтастай қамтитын Жол картасы. Жолдауда ел халқының өмірін жақсартуға және оларды болашаққа бағыттауға баса назар аударуы қазақстандықтарды рухтандырды.

Салық жүйесін жандандыру, ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлу және барлық азаматтарды тиісті әлеуметтік бағдарламалармен қамтамасыз ету Қазақ­станға игілікті қоғам құруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз – маңдайалды міндет – ұлттық бірлікке жету. Қазақстан азаматтары қазақ ұлтының игілігі үшін қызмет атқара беруі тиіс.

Мемлекет басшысының инфрақұрылымдық дамуға, заңнамалық және бағдарламалық қамтамасыз етуге барынша назар аударуы көңілге жақсы әсер етті. Бұл оның ел экономикасын нығайту және бола­­шаққа дайын болу үшін не істеу керектігін то­лық түсінетіндігін көрсетеді. Әлемдік экономика жаңа дағдылар мен технологияларға негізделген. Ин­­но­­ва­циялық және техникалық мүмкіндіктер шешу­ші рөл атқарады. Президент Қ.Тоқаев Елбасы Н.Назар­баевтың көшбасшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне сүйенеді.

Президент Қ.Тоқаев елді ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне қарсы тұрудың ұзақмерзімді жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Мемлекет ішінде не істеу керек­тігін анықтай отырып, Президент Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлін де ескереді. Ол қажет­ті прогреске жету үшін тамаша сыртқы қатынас­тар­дың қажет­тілігін атап өтті. Ол елдің тікелей шетелдік инвес­ти­цияларға (ТШИ) және оның экспортына, халықара­лық нарыққа көбірек қол жеткізу қажеттігін жақсы түсінеді. Президент Қазақстан сыртқы саясаты­ның елдің болашаққа дайындығын күшейтетін реформалар аясында жалғасатынына көңіл бөлді.

Онг Кенг ЙОНГ,Сингапурдың Наньянг технологиялық университеті жанындағы С.Раджаратнам (RSIS) атындағы халықаралық зерттеулер мектебі төрағасының атқарушы орынбасары, Қорғаныс және стратегиялық зерттеулер институтының директоры