Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының халқына арнаған өзінің алғашқы Жолдауын жариялады. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен ұсынылған құжатта Президенттің мемлекеттің қоғамдық дамуына жас азаматтарды көптеп тартуға ерекше мән беруі, олардың белсенділігін арттыруға бағытталған жастар саясатының жаңа қағидаттарын нығайтуға күш салуы – мемлекеттің болашақ мықты іргетасын қалауға ықпалы зор.
Жолдауда айтылған әлеуметтік және этностық топтар арасындағы қоғамдық келісімді нығайту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту, этносаралық татулық пен дінаралық келісімді тұрақтандыру сияқты мәселелердің маңыздылығын және заманауилығын баса айту қажет.
Реті келіп тұрғанда айта кетейін, Қазақстанда мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара тиімді қатынас жүйесін құруға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, түрлі этностар тілдеріндегі білім беру саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Бұл елдегі тұрақтылық пен орнықты дамуды одан әрі ілгерілетуде өте маңызды.
Ламберто ЗАНЬЕР,ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары