Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясы Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысын бастап кетті. Талшықты-оптикалық сымдардың алғашқы шақырымдары Бейімбет Майлин ауданына тартылуда. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету» ауқымды мемлекеттік жобаны жүзеге асыру шеңберінде, Солтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы (ӨТД) жыл соңына дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін облыстың 33 ауылдық елді мекеніне дейін жеткізбек. Жоғары жылдамдықты интернет 105 мемлекеттік мекемеге, яғни әкімдіктерге, мектептер және денсаулық сақтау нысандарына ұсынылады. Мәселен, Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылында кең жолақты интернет тарату қызметіне ауылдық мектеп, дәрігерлік амбулатория және жергілік әкімдік қосылады.
«Ағымдағы жылы Солтүстік ӨТД Қостанай облысы бойынша 769 шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісін салмақ. Жұмыс желтоқсан айының соңында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Одан кейін мемлекеттік мекемелерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу жүргізіледі» дейді Солтүстік ӨТД телекоммуникация желілерін дамыту бойынша директордың орынбасарының міндетін атқарушы Олжас Татаев.
Алдағы екі жылда облыста 933 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Нәтижесінде 40 ауылға, оның ішінде 129 мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Сонымен қатар, аталмыш жобаны жүзеге асыру кезінде 2020 жылы Жангелдин ауданының Торғай кентін талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жопарланып отыр.
Қостанай