• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2019

БҚО-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы сотталды

295 рет
көрсетілді

БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы И.І.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.І.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзіміне (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.