• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қыркүйек, 2019

Дзюдо: Әлем біріншілігінде тағы қос қола медальді иелендік

376 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржынына тағы қос қола медаль түсті. Бұл жүлделердің иегерлері – Марлен Әділ мен Тілеген Тынарбай. 

60 кило салмақ дәрежесінде қос қандасымыз сынға түскен еді. Олар – Марлен Әділ мен Нұрсұлтан Зайзағалиев. Төрт бірдей қарсыласын қапы қалдырған біздің жас өрендер қола медаль үшін өзара таласты. Бұл тартыста Нұрсұлтан вазари әдісімен алда келе жатқан еді. Алайда үш ескерту алғандықтан бәсеке мерзімінен бұрын тоқталып, жеңіс Марленнің еншісіне жазылды.

66 кило салмақтағы Тілеген Тынарбай алғашқы айналымдарда Тәжікстан мен Черногория өкілдерін ұтқанымен, үшінші кезеңде бразилиялық балуанға есе жіберді. Одан кейін Үндістан мен Грекия дзюдошыларына сан соқтырып, үшінші тұғырға табан тіреді.