• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2019

Қостанайлық тігінші ұлттық киімдерді Парижде көрсететін болады

505 рет
көрсетілді

Қостанайлық тігінші-дизайнер Евгения Домбаева өзінің жасаған коллекциясын Парижде қазан айының аяғында өтетін «Түркі әлемі»  дизайнерлер көрмесіне апарады.

Ол бұл шараға ұлттық стильде тігілген қалыңдық көйлектері топтамасын дайындау үстінде.  

«Әрине, оңай емес, еңбекті талап етеді. Топтамадағы жұмыстың барлығы дерлік қолмен атқарылады. Оның күрделілігі сол, көйлектердің жеңілдетілген түрін тігетінімізде болып отыр. Әдетте, көйлектерді түрлі әшекейлермен, тастармен көркемдейтін едік. Оның тасымалы қиын болатын. Ал біз қазір көйлектерді тігу желісін жасаумен айналысып отырмыз», дейді Евгения Домбаева. Қостанайлық кәсіпкер ханым қалыңдық көйлегінен басқа, оның бас киімін-сәукелелерді де апарады. Оны да тек қолөнерді талап етеді.

Кәсіпкер басқаратын «Домбаева» жеке кәсіпорны биыл өңірлік «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының жеңімпазы атанған болатын. Сондықтан, қазан айында алдымен Нұр-Сұлтан қаласында облыс намысын қорғайтын болады. Сосын Париж сапары.

 

Қостанай