• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2019

Сарбаздар сайысқа түсті

438 рет
көрсетілді

Алматыдағы Қорғаныс министрлігіне қарасты Армияшылардың орталық спорт клубында қоян-қолтық жекпе-жектен әскерилер арасында ТМД чемпионаты өз мәресіне жетті.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған айтулы жарыста Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстанның 80-нен аса спортшысы күш сынасты. Бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өткен аса шиеленісті бәсекелер барысында жерлестеріміз асқан шеберлік танытып, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді олжалады. Осы нәтиженің арқасында біздің сарбаздар жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші сатыларға Ресей мен Өзбекстан құрамалары жайғасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау кезінде ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Мұрат Бектанов спорт саласының мәні мен маңыздылығына тоқтала келе, осындай сайыстарды жиі ұйымдастыру қажеттігі жайын да тілге тиек етті.