• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Қазан, 2019

Кешенді әдіс тиімділікке қол жеткізді

572 рет
көрсетілді

Үкіметтің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған жоспарының орындалу барысы СҚО әкімдігінде бүгін қаралып өтті. Бұл жоспар экономиканың барлық саласын қамтыған кешенділігімен ерекшеленеді. Соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, құрылыс, әлеуметтік нысандардың жөнделуі, көлік және инженерлік коммуникацияны дамыту қамтылған. Үстіміздегі жылы ғана осы мәселелерді шешуге 92 млрд теңге бағытталды.

Бүгінгі таңда жұмыстары тоқырап қалған үлкен зауыттарға станоктар, мен жабдықтар алынуда. 130 мектепке күрделі жөндеулер жүргізілді, көшіп келушілерге 420 ыңғайлы үйлер салынуда. Бұлар қарымды жұмыстардың бір бөлігі ғана. Отырыста сөйлеген сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәселе тек кешенді түрде шешілгенде ғана тиімді болып, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін бергенін атап өтті.

Өзінің сөзінде ол: «Тек біржақты нақты шаралар біздің аймақтың дамуына серпінділік бермес еді. Сондықтан барлық мәселені шешуге Үкіметтің қолдауымен біз кешенді түрде кірістік. Бұл қатарда зауыттарды жаңғырту, жолдар мен әлеуметтік нысандардың жөнделуі, тұрғын үйлер құрылысы және т.б. атауға болады.  Егер осыларды жеке-жеке жүргізгенде - тиімділік кемшін болар еді. Тек кешенді әдіспен ғана біз облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсімді қамтамасыз ете алдық», - деді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы