• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кино 02 Қазан, 2019

Қазақстандық тарихи фильм Оскар сыйлығына ұсынылды

959 рет
көрсетілді

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі «Оскар-2020» премиясының «Үздік халықаралық көркем фильм» номинациясына  ұсынылды.

Америкалық Hollywood Reporter басылымы бүгін  «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша "Оскар-2020" премиясына қай фильмнің ұсынылғандығын хабарлады.

Бұл сол атаудағы телехикаяның фильмдік нұсқасы, сонымен бірге «Қазақ хандығы. Алмаз қылыш» кино эпопеясының жалғасы. 

Оскар сыйлығына ұсынылған фильмде қазақ хандығының құрылуы туралы баяндалады. Бұл жас қазақ мемлекетінің сыртқы жаулармен бетпе-бет келуі, жоғалған қалаларын қайтару туралы оқиға. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романына негізделген. Жоба идеясының авторы - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.