• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қазан, 2019

«Астана» жеңіс үшін ойнайды

140 рет
көрсетілді

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтеді. «L» тобында сынға түсетін елорданың «Астана» клубы өз алаңында Сербияның «Партизан» командасын қабылдайды. Бұл матч «Астана» үшін өте маңызды ойын болмақ.

Елорда командасы Еуро­кубок ойындарында жетін­ші жыл қатарынан ойнап жатса да, биыл бірінші рет сербиялық командамен кездескелі тұр. «Партизан» клубының тарихы терең болғанымен, атақ жағынан Еуропаның ортанқол командасы саналады. 1945 жылы құрылған команда қазіргі уақытта УЕФА клубтар рейтин­гінде 71-орында тұр. Ал 10 жылдық тарихы бар «Ас­­тана» ТОП-50 клубтың қа­та­­рында екені баршаға бел­гілі.

 «Партизан» командасы Нұр-Сұлтанға сейсенбінің кешінде келді. Бас бапкер Саво Милошевичтің айтуынша, құрамада жарақат алған футболшы жоқ. Шәкірттері бү­гінгі ойынға сақа­дай-сай. Сондай-ақ коман­да­­ның қорғаушысы  Боян Ос­­тоич Қазақстан астанасы­на кем дегенде бір ұпай алу­ға келгендігін айтады. «Қа­зақстан чемпионына қарсы ойын – біз үшін ке­зекті бір емтихан. Өйткені осы ойын арқылы біз өз деңгейімізді анықтап аламыз. Біздің бас­ты мақсатымыз – жеңілмеу және ұпай олжалау болып тұр. Сонымен қатар қақпамызға гол өткізбеуге тырысамыз. Қал­ғанын алаң шешеді. Қазір ко­мандадағы жігіттердің кө­ңіл күйі өте жақсы», дейді ол.

Рас, «Партизан» футболшылары елордаға өте көтеріңкі көңіл күйде келді. Өйткені Сербия бірін­шілігіндегі 9-тур ойынында сырт алаңда «Раднички Ниш» клубын 4:1 есебімен тас-талқанын шығарды. Бұдан бөлек Белград командасы 15 тамыздан бері жеңілістің не екенін білмей келеді. Соңғы рет тамыздың ортасында Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде Түркияның «Йени Малатьяспор» командасына сырт алаңда 1:0 есебімен есе жіберген. Содан бері 9 ойын өткізіп, алтауында жеңіске жетсе, үш ойынында тең түскен. Тіпті ішкі біріншіліктегі негізгі қарсыластары «Цр­вена Звезда» командасынан да басым түскен. Ал Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші тур ойынында Нидерландының «АЗ Алкмар» командасымен тең түсті. «Партизан» клубының қазіргі жағдайы осындай.

«Астана» командасы да  бүгінгі ойында жеңіске жетуге тас-түйін дайын. «Ман­честер Юнайтедпен» өткен матчтан кейін ішкі бірін­шілікте «Жетісу» коман­дасынан жеңіліп қалғаны болмаса, кейінгі екі ойында қарсыластарынан басым түсті. Тіпті елорда командасы қосалқы құрам футболшыларымен ойнаса да қарсылас команданың қақпасына жеті гол соқты. Бір өкініштісі, «Партизанға» қарсы өтетін ойында жарақатына байланысты Юрий Логвиненко ко­мандаға көмектесе алмай­ды. Бұл туралы бас бап­кер Роман Гринорчук «Қай­сар­ға» қарсы өткен матч­тан кейінгі баспасөз мәс­ли­ха­тын­­­да айтты. Ал қалған жі­гіт­тер ойынға толық дайын дейді.

Жоғарыда атап өткені­міздей, бүгінгі ойында же­ңіс «Партизанға» қара­ған­­­да «Астанаға» ауадай қажет. Себебі дәл осы матч «Ас­та­наның» плей-офф кезеңіне шығу-шық­па­уын анықтап береді. Ал «Пар­­­тизанға» тең ойын да жеткілікті. Олар өткен турда «АЗ Алкмармен» тең ойнап, бір ұпай олжалаған. Жерлестеріміз алғашқы турда МЮ-ден жеңіліп, көш со­ңында қалып қойды. Сон­дықтан бүгінгі ойында «Ас­тана» қалайда жеңіске жетіп, үш ұпай олжалауды көздейді. Сондай-ақ топтағы екінші ойында «АЗ Алкмар» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қа­былдайды. Бұл ойында бізге ағылшын командасының же­ңіске жет­кені тиімді. Өйткені бүгін «Астана» жеңіске жетіп жатса, үш ұпаймен екінші орынға көтеріледі. Ал жерл­естеріміз үшінші турда Нидер­ландыға қонаққа барады. «Алкмарға» қарсы ойында да ұпай алатын болсақ, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жол­дама алуға толық мүмкіндік бар.

Сонымен қос команда арасындағы кездесу бүгін «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:50-де басталады.