Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram паракшасында Алматыдағы құрылысы тоқтап қалған нысандардың орнына балабақша, мектеп және емханалар салынатынын жазды.
«Бүгін бос тұрған объектілер — өндіріс базаларына, салынып бітпеген үйлерге, ескірген ғимараттарға, бос тұрған учаскелерге «жан бітіру» мәселесін қарадық. Осындай не қала экономикасына немесе тұрғындарға еш пайдасы жоқ 50-ден астам объектілердің бар екені анықталды», – деді ол.
Негізінен олар өндірістік базалар, салынып бітпеген үйлер мен бос жатқан жерлер. Мәселенің шешу жолын Бақытжан Сағынтаевтың өзі көрсетіп берді.
«Мәселені шешуге шаруашылық тұрғыдан келу міндетін қойдым: бұл іске бизнес пен жеке инвестицияны тарту керек. Бос тұрған активтерді экономикалық айналымға тарту бюджетке қосымша кіріс әкеледі және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», – деді Алматы әкімі.