• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қазан, 2019

Мақсат – қаржылық мәдениетті қалыптастыру

225 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында «Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Қарағанды облысының академиялық топтары өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қаржы және инвестиция саласындағы заманауи мамандардың жетіспеушілігі әңгімеге арқау болды. Сонымен қатар қаржы қызметтерін тұты­нушыларды қорғау жөнінде тұрғындардың хабардар болу дең­гейін көтеру, бизнесті жүргізу шарттары және инвестиция негіздері ту­­ралы ақпараттандыруды арттыру сияқты өзекті мәселелер талқы­ланды.

Шара барысында жастар мен академиялық топтардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру, инвестиция негіздері туралы ақпарат беру мақсатында жергілікті жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары үшін дәрістер ұйымдастырылды.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген АХҚО Басқарушы директоры, делегация басшысы Айдар Қазыбаев қаржы саласында қажетті заманауи біліммен қаруланған маман кадрлардың жетіспейтінін тілге тиек етті.

– Сондықтан біз академиялық топтармен кездесу барысында олардың өздерінің білімдерін, ынталарын халықаралық қаржы сертификаттарына қарай бейімдеуі керектігін айтамыз. Неге десеңіз, әлемге жоғары білім емес, серти­фикаттың көбірек болғаны керек. Біз декандар мен ректорларға қаржы факультеттерінің жоғары кур­сындағы студенттерді сертификатқа сынақ тапсыруға дайындалуына арналса деген тілек айтамыз, – деді Айдар Қазыбаев.

Еске салсақ, инвестициялаудың негіздері туралы ақпаратпен қам­тамасыз ету және қаржылық қыз­меттерді тұтынушыларды қорғауды мақсат еткен бұл іс-шара дәстүрлі түрде қазанның бірінші аптасында әлемнің 80 елінде өткізіледі.

 

ҚАРАҒАНДЫ