Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Кипр және Бельгия құрамаларымен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімін жариялады.
Өткен айдағы тізіммен салыстырар болсақ, жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов, жастар құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп және шабуылшы Сергей Хижниченко ұлттық құрамаға қайта оралған.
Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (барлығы – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Бахтиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);
Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Сергей Хижниченко («Астана»).
Кипрмен ойын 10 қазанда, ал Бельгия құрамасымен матч 13 қазанда «Астана Арена» стадионында өтеді.