• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Технология 05 Қазан, 2019

Адамзат түбі Марсты игереді - NASA астронавты Шэннон Уокер

309 рет
көрсетілді

Апта басынан бері ғаламшар Ғарыш апталығын атап өтіп жатыр. «Аполлон»-ның айға алғаш қонғанына 50 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар Алматыда да ұйымдастырылды. Кездесуді ҚШ Бас консулдығы American Space Almaty Chevron компаниясының қолдауымен Алматыда Ғарыш апталығын өткізіп жатыр. Олар Алматыға 2004 жылы NASA 19-ғарышкерлер тобының мүшесін арнайы шақырған. 

Шэннон Уокер 2010 жылы Байқоңырдан ғарыш кеңістігіне көтеріліп, 163 күндік экспедицияда болған. Шэннон Уокер Байқоңырдан ұшпас бұрын РФ аумағында ұзақ уақыт дайындықтан өткенін айтып берді. 

«Біз Ресейде түрлі скафандерлерді кию, онымен жұмыс істеу тұрғысында көптеген дайындық жұмысын жүргіздік. Олардың кейбірінің салмағы тіптен 100 келіге дейін тартатын. Мен кішкентай кезімнен ғарышкер болуды армандадым және соған жеттім», - деді ол. 

Жиын барысында ол қала тұрғындарының көптеген сұрағына жауап берді. Сондай-ақ ол “адамдар Марсты игеріп, қала тұрғыза ала ма?” деген сұраққа да жауап берді. 

«Қазір Марс, Ай сияқты ғаламшарлар зерттелу үстінде. Олар Жерге қауіп төнген кезде халықты сонда көшіру тұрғысында жасалып жатыр. Қай кезде екені белгісіз, түбі адамзат Марсты игереді. 

Қазақстанда дарынды адамдар мен білікті мамандар көп деп ойлаймын. Оларға өз мүмкіндіктерін пайдалана білуге жол ашу қажет, сонда елдің болашағы жарқын болады», - деді NASA астронавты, ғалым Шэннон Уокер.

 

АЛМАТЫ