• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2019

Алматыда банктің құзіретін шектейтін жаңа агенттік жұмыс істейді

200 рет
көрсетілді

«Сарапшылар жаңа органның жұмысына қалай әсер етеді» деген ойдан іштен тынып тұр. Себебі мұндай  агенттік осыған дейін болған. «Қаржы нарығын қадағалауды  және реттеуді өз құзіретімізге аламыз» деп аты дардай болған агенттік соңында Ұлттық банкке қосылып, ақырында бар-жоғы білінбей кеткен.

«Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін он әрі жетілдіру туралы» Президент жарлығы бойынша құрылғалы отырған агенттіктіктің алдыңғы құрылымнан өзгешелігі не?» деген сұраққа қазір жауап беру қиын. Білетініміз – қаржы нарығын Ұлттық банкпен бірге бақылайтын жаңа ұйым келді өмірге. Енді осы құжатқа сәйкес  банктердің, кредиттік бюроның, сақтандыру брокерінің және бағалы қағаздар нарығы ойыншыларының қызметін тоқтату,  лицензиядан айыру туралы шешімді бұдан былай Ұлттық банк емес, басқа ведомство қабылдайтын болады.

Ұлттық банктің құзіретінен бөлініп шыққан құрылымның – «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» республикалық мемлекеттік мекемесі деп аталады. Мекен – жайы Нұр-Сұлтанда емес, Алматыда.   

Осы жылдың  айында  мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді. Заңда екі негізгі бағыт қамтылған, олар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетіні туралы Ұлттық банк алдын ала хабарлаған. Сарапшылар аталған заң екі бағытты қамтитынын айтып отыр.  Бірінші бағыт – қаржы секторын реттеу мен дамытудың тәуелсіз органын құру. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қайта құрады, оның барысында функциялар, өкілеттіктер жəне штат бірліктері қайта бөлініп шығады.

Екінші бағыт – тұтынушылық кредиттеу нарығында реттеуші төрелікті және жүйелік проблемаларды жою. Реттелмейтін сектордағы тұтынушылық кредиттеудің бақыланбайтын өсу проблемаларын шешу, кредиторлар тарапынан қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу үшін заң онлайн-кредиттеу компанияларының, кредиттік серіктестіктердің және ломбардтардың қызметіне қадағалау органының реттеу аясын кеңейтеді екен.  Барлық реттелмеген кредиторлар қажет болған жағдайда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде қайта тіркеуден және 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Агенттікте міндетті түрде есептік тіркеуден өтуге тиіс. Белгіленген шаралар кредиттеу нарығының айқындылығын арттыруға, түрлі сегменттерді реттеуде теңгерімсіздікті жоюға және ең бастысы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Заңда кейіннен декларациялауға кезең-кезеңімен өте отырып, жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдан 2021 жылға енгізуді ауыстыру көзделеді. Бұдан басқа, Заңда 2019 жылдың соңына дейін негізгі борыш өтелген жағдайда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша өсімпұлды есептен шығару арқылы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізу көзделген. Бұл ретте мүлікке салық және жер салығы бойынша өсімпұлдарды оларды 2019 жылғы 1 қазанға дейін төлеу мерзімін ескере отырып 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін салықтық кезеңдер үшін міндеттемелер бойынша есептен шығару ұсынылады.

Жаңа тәртіпке сәйкес,егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жағдайын жақсартуға әкелмесе, банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстанның банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жаңа агенттік іс-қимылға кіріседі. Сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің немесе Үкіметтің сол  банкті сатып алуы, басқаша айтқанда,мемлекет меншігіне айналдыру жөнінде Премьерге ұсыныс жасауға құқық берілген. «Қазақстан Үкіметінде заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсарту және банктің пруденциялық нормативтерді немесе сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде жариялаған акциялары Үкіметтің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», – делінген құжатта. 

Агенттік төрағасын Мемлекет басшысы 6 жылға тағайындайтыны анықталды.Оның үш орынбасары болады. Агенттік басқармасы Қазақстанда банк ашуға, сақтандыру компаниясын және олардың еншілес ұйымдарын құруға, банктердің еншілес ұйымын құруға және сатып алуға, әлдебір тұлғаның банктің капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді немесе одан бас тартады. Сонымен қатар егер қандай да бір банктің «капиталы теріс мөлшерде болса», агенттік ол банкті өз акцияларын жаңа инвесторға міндетті түрде дереу сатуға мәжбүрлей алады. Жаңа инвестор ол банктің қаржылық жай-күйін қажетінше жақсартатынына кепілдік беруі керек. Ұлттық банк төрағасының орынбасары бүгін Алматыда журналистермен кездескен кезде  

Жаңа агенттіктің құрылымы және жалпы штат саны әзірге белгісіз екенін айтты. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  осы жарлыққа қол қойғаннан кейін белгілі болады екен. Демек, оның штаттық кестесін де Президент бекітеді.  

«Мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асырады», – деп түсіндіреді Олег Смоляков.