• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2019

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Теннің турнирі өтеді

306 рет
көрсетілді

10-13 қаңтар аралығында Алматыда Сочи Олимпиадасы мен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада мен Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тенді еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді. 

«Халық Аренада» өтетін дүбірлі додада Алексей Мишин, Этери Тутберидзе, Елена Водорезова сынды әлемге әйгілі бапкерлердің үздік шәкірттері өнер көрсетеді. Осы шараға Юко Кавагути мен Александр Смирнов бастаған мәнерлеп сырғанау спортының бір шоғыр жұлдыздары құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып отыр.

«Денис Теннің қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін турнирдің жүлде қоры да қомақты. Атап айтсақ, ерлер мен әйелдер арасындағы сайыста бас жүлде олжалаған спортшылар 5 мың АҚШ долларын қалтаға басса, күміс және қола жүлдегерлер $3,5 мың және $2 мыңды еншілейді. Спорттық би және жұптық бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілген өрендер $7 мың, $5 мың және $3 мыңға иелік етеді. Сонымен қатар, жастар буыны арасындағы жарыста дараланғандар да елдеріне құралақан қайтпайды.

Қысқа ғана ғұмырында көптеген биік белестерді бағындырып, талай игі істердің басы-қасында жүрген Денис былтырғы жылдың жазында Алматы қаласында қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапты. Ол небары 25 жаста еді...