• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін Чемпиондар лигасы басталады

250 рет
көрсетілді

Бүгін футзалдан Чемпиондар лигасы топтық турнирі басталады. Венгрияның Береттьоуйфалу қаласында өтетін доп додасында Алматының «Қайраты» да өнер көрсетеді.

Тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:45-те Ресей астанасы Мәскеудің КПРФ клубына қарсы өткізеді. Бұл матч «Ел Арна» аранасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ертең біздің жігіттер Испанияның «Эль-Пососымен» күш сынасса, 11 қазанда жергілікті «Береттьоуйфалумен» шеберлік байқасамыз.  

Сонымен қатар Ақтөбенің «Аяты» да бүгін жарыс жолына шығады. Олар Литваның «Витисымен» кездеседі. Сондай-ақ, бұл топта Испанияның «Барселонасы» мен Ресейің «Тюмень» клубтары да өнер көрсетеді.