• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қазан, 2019

Мұхтар Тілеуберді: Ауғанстан экономикасын көрші елдермен интеграциялаудың маңызы зор

398 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елордада өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ыңтымақтастық ұйымының Ауғанстан мәселелері бойынша дөңгелек үстелінде Ауғанстанның экономикасын көрші елдермен, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттермен интеграциялаудың маңызы зор екенін айтты.

«Соңғы 28 жылда Қазақстан аймақтағы тарихы мен мәдениеті ортақ серіктестерімен тығыз байланыс орнатуда тың бастамаларды көтеріп келеді. Кезінде тарихи тұрғыда зор маңызға ие болған Жібек жолы бойындағы Орталық Азия елдерінің географиялық орналасуы – өзара қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми отырысының арқасында ынтымақтастыққа жаңа жол ашылды. Қазіргі таңда біздің көшбасшылар ортақ міндеттерді орындауда ортақ амал-әдістерді ойлап табуға нық сеніммен келе жатыр. Мәселен, 2018 жылдың тамызында Орталық Азия елдерінің басшылары Түрікменстанда кездесіп, Арал теңізін алып қалу шараларын талқылады. Алайда біздің бәріміз де бүгін, ертең үшін де күрделі мәселелелердің бірі – Ауғанстандағы тұрақтылыққа байланысты екенін білеміз» деді Сыртқы істер министрі.

Сондай-ақ министр Ауғанстанның тұрақты түрде дамуы, ондағы бейбітшілік пен тұрақтылық – аймақтағы ынтымақтастықтың дамуына нық үлес қосатынын айтты.

«Қазақстан – аймақтық ынтымақтастықтың белсенді адвокаты ретінде аймақтағы «ойыншылар» арасындағы өзара түсіністікке жету үшін күш біріктіруді көздейді. Ауғанстан толығымен бейбіт процесске, өмірге оралып, халықаралық алаңда Қазақстан саясаты үшін басымдыққа ие елдердің бірі болып қала береді» деді ол.

Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде өзара ынтымақтастықтың аясын кеңейте отырып, Ауғанстанның экономикасын көрші елдермен, сонымен бірге, Орталық Азия мемлекеттермен интеграциялаудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Екі апта бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында біздің еліміздің Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін білдірген болатын. Мемлекет басшысы мықты ынтымақтасты, ұзақ мерзімді инвестиция мен аймақтық келісім табыс пен елдегі бейбіт процестерге қол жеткізуді шешуші фактор екенін атап өтті» деді министр.