Күні кеше Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA)«Champions Swim Series-2020» жарысының кестесін жария етті.
Былтырғы жылы ғана қолға алынған бұл жоба көпшіліктің көңілінен шығып, ол бірден аса зор беделге ие болды. Айтулы турнирге біздің Дмитрий Баландин де қатысты.
Олимпиада чемпионы деген атағы бар отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзу және 4х100 метрлік аралас эстафетада бақ сынады. Будапеште өткен жарыста Баландин екінші орын алса, Индианаполисте екінші сатыға табан тіреді. Гуанжоуда төртінші орынды қанағат тұтты. Десек те осы бәсекедегі өзінің жоғары көрсеткішінің арқасында ол 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамасына иелік етті.
Алдағы маусымның алғашқы қос кезеңі Қытайда өтеді: 14-15 қаңтар – Гуанчжоу және 18-19 қаңтар – Бейжің. Ал осы жарыстың соңғы шешуші кезеңі қай жерде ұйымдастыралатыны әлі анықталған жоқ.