• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қазан, 2019

iKOMEK109: Елордада дәрігерлер өтініштерге жауап береді

228 рет
көрсетілді

2019 жылдың басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына денсаулық сақтау мәселелері бойынша 241 207 өтініш келіп түсті, оның ішінде 235 519-консультация, 3 445-шағым, 1 660-оқыс оқиға, 523-алғыс, 60-ұсыныс түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Статистика көрсеткендей, ikomek109 орталығына келіп түскен барлық өтініштердің 24,5% денсаулық сақтау мәселелерімен байланысты. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Бірыңғай қалалық орталықпен бірлескен жұмыс жүргізеді.

Емхананың әрбір дәрігерінің ұялы телефонында iKOMEK109 мобильдік қосымшасы болады, онда олар онлайн режимде өздерінің медициналық мекемелеріне қатысты барлық өтініштерді ала алады. Сондықтан азаматтар медициналық қызмет көрсету бойынша толғандыратын сұрақтарға тікелей жауап ала алады.

«IKOMEK109 қалалық орталығының миссиясы қаладағы өмір сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қалалық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Сондықтан біз әрбір жауапты мемлекеттік органмен, соның ішінде денсаулық сақтау басқармасымен тығыз жұмыс істейміз» – деп атап өтті қалалық iKOMEK109 мониторинг орталығының басшысы Жаннат Дубирова елорданың медициналық мекемелері басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында.

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қала тұрғындарына фото-бейнематериал қоса бере отырып, өтініш беруге, сонымен қатар өтініштердің атқарылу дәрежесін білуге, хабарландыруға жазылуға мүмкіндік береді. Онда сіз алдағы іс-шаралар, мектептерде сабақ болмайтыны, тасжолдардың жабылатыны және т.б. жөнінде біле аласыздар.