• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 11 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ысқақтың Тілегені

9935 рет
көрсетілді

Кенет алпыс екі тамырын кесел емес, сағыныш кеулей жөнелді.  Жандәрмен терезе жақтауына жармасты.

–  Ата, сізге тұруға мүлдем болмайды ғой. Дәрігер...

Қоламта үміт күлге айналып, төңірек тасқараңғы, төңкеріліп бара жатты.

***

Қайрылып қараса, баласы ізін басып келе жатыр екен, жүрісін түзеді...

 

Ысқақтың Тілегені