• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қазан, 2019

Екіжақты келісімге қол қойылды

181 рет
көрсетілді

Тбилиси қаласында (Грузия) өткен Бәсекелестік саласындағы саясат жөніндегі 3-ші халықаралық конференция аясында Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов пен Грузияның бизнес-омбудсмені Иракли Ликвинадзе арасында келісімге қол қойылды.

Құжат кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерінде екі елдің ын­тымақтастығын және іскерлік ахуал­ды жақсарту бойынша бірлескен, келісілген іс-әрекеттерді көздейді. Мемлекеттердің ұлттық заңнамасын дұрыс қолдану үшін консультативтік-құқықтық көмек көрсету, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семи­нарларға және өзге де іс-шараларға қатысу қарастырылған.

Қазақстан әлемнің көптеген ел­дері­мен ынтымақтастықта. Қазақ­стандық кәсіпкерлер көптеген елде бизнес жүргізуде. Қазақстандық статистика мәліметтеріне сәйкес, Қа­зақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымының көлемі 2018 жылы 87 млн долларды құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 34,6%-ға артық (64,6 млн АҚШ доллары).

«Біз өзара қарым-қатынастары­мызды кеңейтуге мүдделіміз. Кәсіп­керлердің құқықтарын қорғау жө­нін­дегі жұмыста одан әрі тиімді жә­не жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз. Грузия мен Қазақ­станның бизнес-омбудсмендері ара­сындағы ынтымақтастық іскерлік және экономикалық байланыстарды да­­мытуға, Грузия мен Қазақстанда биз­­­нес жүргізу үшін қолайлы жағдай жа­сау­ға ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Болат Палымбетов.

Өз кезегінде, Иракли Ликвинадзе тараптардың қарым-қатынасындағы тың серпінді атап өтті.

«Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық қатынастар серпінді, қазақстандық бизнес Грузияда бел­сенді, тиісінше Қазақстандағы грузия­лық бизнес те барынша бел­сен­ді жүріп жатыр. Грузия мен Қазақ­стан­ның бизнес-омбудсмендері ара­сындағы белсенді меморандум және белсенді коммуникация екі мемлекет ара­сындағы іскерлік позицияны одан әрі ны­ғайта түседі»,  деген пікірде Грузия аумағында кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ­станның бизнес-омбудсмені Ресей мен Өзбекстанның бизнес-омбуд­смен­дерімен Өзара көмек және ынты­мақ­тастық туралы келісімге қол қой­ған болатын. Үш елдің бірлескен күш-жігерімен қазақстандық,  ресей­лік және өзбекстандық бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің құқықта­ры қорғалды.