Ресейдің Улан-Удэ қаласында бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемдік додаға қатысқан Қазақстан құрамасы бар-жоғы екі қола медаль олжалады.
Жартылай финалдық жекпе-жекте 64 кило салмақтағы Милана Сафронова италиялық Анджела Кариниге есе жіберіп, финалдық сынға өте алмады. Ал 81 килодан жоғары салмақта жұдырықтасқан Дина Исламбекова қытайлық Ксиаоли Янгтен ұтылды.
Осылайша жартылай финалға шыққан екі боксшымыз да финалға өте алмай, құрама қоржынына екі қола медаль салды. Айта кетейік, әлем чемпионатына Қазақстан сапынан он спортшы қатысқан болатын.