Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық тобына жолдама алғаны белгілі.
Элиталық топта қарт құрлықтың ең үздік 16 клубы ғана өнер көрсетеді. Солардың қатарына Қазақстанның қос командасы қосылуы, әрине, қуанышты жағдай. Бұл бәсекелер үстіміздегі жылдың 19-24 қараша аралығында өтсе, жеребе тарту рәсімі 18 қазанда өтеді. Сол кезде қай команданың қай топқа түскені белгілі болады. Ал айтулы додаға қатысатын клубтар мыналар:
«Қайрат» (Қазақстан)
«Аят» (Қазақстан)
«Спортинг» (Португалия)
«Добовец» (Словения)
«Мостар» (Босния мен Герцеговина)
«Бенфика» (Португалия)
«Херсон» (Украина)
«Халле-Гооик» (Бельгия)
«Барселона» (Испания)
«Тюмень» (Ресей)
КПРФ (Ресей)
«Мурсия» (Испания)
«Спарта» (Прага, Чехия)
«Ново Вриеме» (Хорватия)
«Столица» (Беларусь)
«Пезаро» (Италия)