23 қазанда Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында академиялық есуден Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.
Ұлттық командамыздың бас бапкері Владимир Белоногов айтулы додада Владислав Яковлев, Михаил Таскин, Светлана Германович, Анастас Шашков, Алина Мочула, Евгений Тацей, Даниил Савченко, Мария Чернец және Алина Климентьева сынды шәкірттеріне сенім артып отыр. Бес күнге созылатын осы бәсекелер барысында жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуантады деп үміттенеміз.