• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қазан, 2019

АҚШ-тан келген инвесторлар қазақстандық 10 жобаны қаржыландырды

258 рет
көрсетілді

«Kazakh Invest»  ұлттық компаниясы америкалық инвесторлар қазақстандық жобаларға 718 млн доллар қаржы құйғанын хабарлады.

«Отандық он жобаны жүзеге асыру үшін америкалық инвесторлар 718 млн доллар салды. Оның екеуі ауыл шаруашылығы саласында, екеуі машина жасау өнеркәсібі бойынша, тағы екеуі фармацевтика, біреуі ақпараттық технология, тағы бірі химия-металлургия бағытында», деді ұлттық компаниядан. 

АҚШ-тың  қаржыландырылатын жобалар Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында іске қосылады.  2023 жылға дейін он кәсіпорынның төртеуі жұмыс істей бастайды. «Ал қалған алты өндіріс кешенінің ашылу уақыты жуырда анықталады», дейді  «Kazakh Invest»  ұлттық компаниясы  таратқан хабарламада.  

Аталған зауыттар толығымен іске қосылса 1,5 мың адам жұмыспен қамтылады. «Ал өзге мемлекеттерден келетін мамандар санын заң шеңберінде кәсіпорын басшылары бекітеді», деді ұлттық компания мамандары. 

Жоспардағы он жобаның алтауы Қытай мен ТМД мемлекеттеріне өнім экспорттауға бағытталған. Атап айтсақ, шетелге ет, ханбалық, болаттан жасалған бөлшектер, суару жүйелерін шығару жоспарланған. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 37,3 процентке өсіп, 2,2 млрд долларды құраған.

Қазақстан экономикасына құйылған америкалық инвестициялардың жалпы көлемі 44,7 процентке өсіп, 5,3 млрд долларды құрап, жаңа абсолютті рекордты орнатты.