• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2019

Заң жобасын талқылады

265 рет
көрсетілді

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының ұйымдастыруымен «Педагог мәртебесі: ұсыныстан нақты қадамға» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Шара барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды. Жиынға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, аталған партияның депутаттары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Отырыстың ашылуында сөз алған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова қабылданғалы тұрған заң еліміздің болашағымен байланысты екенін айтты. «Елбасы педагогтардың мәртебесін кө­теретін заң жобасын әзірлеу ту­ралы бастама көтергенде, мұ­ғалімдердің өз қызметіне жатпай­тын жұмыстарға жегілуіне шектеу қою керектігін шегелеп айтқан еді. Міне, заң жобасы қайдан бастау алды?», деген мәжілісмен негізгі ойдан ал­шақтамай, басты талапты орын­дау қажеттігіне тоқталды. «Жаңа заң жобасында көп мәселе қарастырылған. Бірақ біз нақты нәтижені көргіміз келеді. Айталық, мұғалімнің айлығы қанша, педагогқа белгіленген жүк­теме қандай боларын осы заңда ашық көрсетілгенін қа­лаймыз. Бұл үшін анық, сал­мақ­ты ұсыныстарымызды ортаға салайық», деп сөз кезегін спикерлерге берді.

Елордадағы ата-аналар қа­уым­­дастығының төрайымы Гүл­нар Мансұрқызы тал­қы­лауға түскен заң жобасы тек мұға­лімдерге емес, тұтас қоғамға қа­тысты мәселе екенін жеткізді. Оның ойынша, педагогтардың материалдық жағдайын сөзсіз жақсарту қажет. Десе де қо­ғам алдындағы мұғалімнің мәр­тебесін балаларды отбасында педагогпен дұрыс қарым-қа­ты­насқа тәрбиелеу арқылы лайықты деңгейге көтере аламыз. «Ал заң жобасына келсек, құжатты осы күйінде қа­былдаудың қажеті де жоқ сияқ­ты. Себебі бұл мұғалімнің мәр­те­бесін көтеруден гөрі кей тұстарда құқығын шектеп тұр. Мәселен, педагог баланың суицидке барғысы келетінін, өміріне қандай да бір қауіп төнгенін по­лицияға айтуы тиіс екен. Бұл мұ­ғалімнің функционалдық қыз­метіне жатпайды. Содан соң мұ­ғалім алғаш осы қызметке кел­генде мектеп басшылығы бекіт­кен мәтінге сәйкес ант беруі керек көрінеді. Бұл директорға деген тәуелділікке алып келеді», дейді. Ата-ананың пайымдауынша, бізде мектеп директорларын тағайындаудың өз тәртібі енгізілуі тиіс. Білім-инновация лицейлерінде мектеп директорлары әр 4 жыл сайын ауысып отырады. Сондай тәжірибені жалпы мектептерге қолданған жөн. Әйтпесе, бас қаланың өзінде 20 жылдан бері табан аудармай бір білім ошағын басқарып отырған басшылар бар.

Ал шетелдердегі мұғалім мәр­тебесін көтеруге бағытталған ба­ғыт­тарды зерделеген сарап­шы Айжан Дастанқызы педа­гог­тардың әлеуметтік картасына баса назар аудару керектігіне тоқ­талды. «АҚШ-та мұғалімдер зейнетке шыққанда мемлекеттен алатын зейнетақысынан бөлек тағы ақша алады. Оны әрбір штаттағы арнайы қор тағайындайды. Мұндай ұйымдар педагогтардың зейнетақы қорына белгілі бір мөлшерде ақша салып отырады. Соны кейін зейнетақы ретінде береді. Осы тәжірибені зерттеп, біздегі заң жобасына енгізуді ұсынамын», деген А.Дастанқызы әр штаттың экономикалық, географиялық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы мөлшері әртүрлі болатынын айтты. Сол себепті еліміздегі жергілікті атқарушы органдардың да түрлі деңгейде қарастыруы заңды болмақ.