Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында Шымкенттің «БИИК-Қазығұрт» клубы Мюнхеннің «Бавариясынан» ірі есеппен ұтылды.
Шымкентте өткен бәсекенің бірінші кезеңінде қонақтар қатарынан үш мәрте біздің қақпаны дәл көздеді. Атап айтсақ, 23-минутта Йована Дамнянович мергендік танытса, арада бес минут өткеннен соң Лина Магулль 11 метрлік нүктеден қақпаны дәл көздеді. 38-минутта Магулль екінші голдың авторы атанды.
Үзілістен кейін де немістер қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 73-минутта Эмили Джелник төртінші голды соқса, 80-минутта Николь Рольсер кездесудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 0:5.