• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қазан, 2019

Дзюдо: Сайыпқырандарға сенім артамыз

501 рет
көрсетілді

Марокконың Марракеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем біріншілігінің алғашқы екі күні Қазақстан құрамасының бірде-бір жүлде түспегені белгілі.

Бүгін тағы бірнеше салмақ дәрежелері бойынша өтетін бәсекелерді тамашалаймыз. Ұлдар сайысында 81 кило салмақта Айбол Нысанәлі күш сынасады. Бірден екінші кезеңге жолдама алған қандасымыз грузиялық Владими Акалхатци мен моловалық Гаталин Мариан арасындағы бәсекенің жеңімпазымен кездеседі.  90 кило салмақтағы Бексұлтан Әнуарұлы жапониялық Косуке Машиямимен айқасады. Қыздар арасындағы 70 кило салмақта Мөлдір Нарынова татамиге шығады. Ол да алғашқы айналымда бос. Одан кейін қазақ қызы кореялық Джуюнг Янг немесе португалиялық Жоана Крисостомомен шеберлік байқасады. 

Ертең алыптардың айқасын тамашалаймыз. 100 кило салмақтағы Бекарыс Сәдуақас сайысқа түседі. Жасөспірімдердің Дүниежүзілік Олимпиадасының жеңімпазы деген атағы бар қазақтың нар тұлғалы балуаны тұсаукесер кездесуін татами қожайыны Мұхаммед Лахбоубқа қарсы өткізеді. +100 кило салмақтағы Ілияс Қалидолда Босния мен Герцеговина өкілі Василий Вуйчичпен белдеседі.   

Жарыстың соңғы күні аралас командалық сайыс өтеді.