Шымкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Көпсайыстан өткен бәсекеде ересектер арасында шымкенттік Роза Әбитова (77.45 ұпай) алдына жан салмаса, Нұр-Сұлтан қаласынан келген Айдана Шәкенова (76.75) мен Сабина Бақатова (71.3) жүлдегерлер санатынан көрінді.
Қыздар арасындағы сайыста Шымкент қаласының өкілі Елжана Тәниева (74.75) топ жарса, оның командалық әріптесі Айдана Шаяхметова (68,95) күміс алды. Ал павлодарлық Айдана Мамжан (61,15) қола медальді мойнына ілді.