• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қазан, 2019

Дзюдо: Үшінші күні де қоржынымыз бос

312 рет
көрсетілді

Марокконың Марракеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің үшінші күні де Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті.

Ұлдар сайысында 81 кило салмақта Айбол Нысанәлі күш сынасты. Алғашқы айналымда басы болған қандасымыз келесі кезеңде грузиялық Владими Акалхатциден айласын асыра алмады.  90 кило салмақтағы Бексұлтан Әнуарұлы жапониялық Косуке Машиямаға жол берді.

Қыздар арасындағы 70 кило салмақта Мөлдір Нарынова татамиге шықты. Алғашында португалиялық Жоана Крисостомоны қапы қалдырған ол екінші кездесуінде германиялық Марленди Галаниден жеңілді. Жұбаныш бәсекесінде қазақ дзюдошысы франциялық Могане Фереолдың осал тұсын таба алмады.

Бүгін біз алыптардың айқасын тамашалаймыз. 100 кило салмақта Бекарыс Сәдуақас сайысқа түседі. Жасөспірімдердің Дүниежүзілік Олимпиадасының жеңімпазы деген атағы бар қазақтың нар тұлғалы балуаны тұсаукесер кездесуін татами қожайыны Мұхаммед Лахбоубқа қарсы өткізеді. +100 кило салмақтағы Ілияс Қалидолда Босния мен Герцеговина өкілі Василий Вуйчичпен белдеседі.  

Жарыстың соңғы күні аралас командалық сайыс өтеді.