• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 19 Қазан, 2019

Футзал: Жерлестеріміздің қарсыластары анықталды

148 рет
көрсетілді

Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, Элиталық кезеңде қай команданың қай топқа түскені белгілі болады. 

Алматының «Қайраты» «Бенфика» (Португалия), «Эль-Посо» (Испания) және «Песаромен» (Италия) бірге «С» тобында өнер көрсетеді. Бұл кездесулердің барлығы да Алматыда өтеді.

Рудныйдың «Аяты» «Спортинг» (Португалия), «Тюмень» (Ресей) және «Ново време» (Хорватия) клубтарымен бірге «В» тобында күш сынасады. Бұл матчтар Ресейде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңдегі бәсекелері үстіміздегі жылдың 19-24 қараша аралығында өтеді.