• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қазан, 2019

Балуандар Әбу-Дабиде белдеседі

122 рет
көрсетілді

24-26 қазан күндері Біріккен Араб Әмірліктері астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан Grand Slam жарысының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық бәсекеге 104 елден 600-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ал Әбу-Даби татамиінде ел намысын 16 дзюдошы қорғайды.

Ташкент татамиінде ерлер арасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов, Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза, Руслан Мұсаев (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Арман Қалиев. Айбек Серікбаев (100 кг), Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) белдеседі.

Ал қыздар арасында Анна Казюлина (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг) сынға түседі.