• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 22 Қазан, 2019

Халықаралық валюта қоры Алматыда аймақтық орталық ашады

627 рет
көрсетілді

Бұл туралы ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Карла Грассо хабарлады.

Орталық Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия аймағында тоғыз мүше-елге әлеуетті дамыту бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ фискалдық саясат, орталық банк операциялары, қаржы секторын қадағалау және макроэкономикалық статистика қамтылады деп күтілуде.

Орталық жұмысын шамамен бір жылдан кейін бастайды.

«Орналасқан жерді таңдау көптеген салаларды, соның ішінде қаржылық қолдауды, рейстердің тоғысу мүмкіндігі мен кең әкімшілік және логистикалық бағыттарды қамтитын сауалдар мен ұсыныстарды бағалауға негізделді. Біз Грузия, Қазақстан және Өзбекстан биліктеріне орталық орналастыру бойынша берген тамаша ұсыныстарына алғыс айтамыз», деді Грассо.

Бұл орталық ХВҚ қызметін аймақта жоспарлау, үйлестіру және іске асыру үшін үйлестіру орталығы болады деп күтілуде. Аймақтан тыс басқа мүше-елдер мен агенттіктер ХВҚ-ның басқа да аймақтық техникалық көмек орталықтары мен бүкіл әлемдегі оқу орталықтарының тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс істейтін RTAC-ті қолдайды деп күтілуде.

Өткен аптада, 17-18 қазан күндері 17-19 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев жұмыс сапарымен Вашингтонда  болып, ХВҚ-ның жаңа басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездескен болатын.  Онда Алматыда жаңа аймақтық техникалық көмек орталығын ашу туралы келісімдердің іске асырудың тетіктері және мамандармен қамтамасыз ету мәселесі талқылаған болатын.

Алдын ала қол жеткен келісімдер бойынша Алматыда жаңа аймақтық техникалық көмек орталығында (RTAC) қазақстандық мамандар да штаттық жүйеде жұмыс істейді. 

Экономист Олжас Төлеуов бұл тек Ұлттық Банк үшін ғана емес, мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясаты үшін де жағымды жаңалық екенін айтады. Ұлттық банк пен үкіметтің экономикалық блогы монетарлы және фискальды саясат бойынша халықаралық сараптаманың көмегіне жүгінуге мүмкіндік алды. «Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Алматыда жаңа аймақтық техникалық көмек орталығының  (RTAС) Алматыда орналасуы  Қазақстандағы инвестициялық ахуалды арттырудың қосымша факторы болып табылады және Алматының бизнесті тартудың аймақтық орталығы ретіндегі рөлін күшейтеді», деді Олжас Төлеуов.

Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзияевтің жүргізген реформалары мен барынша ашық болуға ұмтылуына қарап бірқатар сарапшылар жаңадан ашылатын немесе бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан халықаралық қауымдастықтардың өкілдіктері, халықаралық институттар мен компаниялар  көш басын Өзбекстанға қарап түзейтін шығар деп болжаған болатын. Біраз ХВХ таңдауы сарапшылардың болжамына тәуелді емес екенін көрсетті. 

Енді сарапшылар, ХВҚ мүше мемлекеттер мен агенттіктер Алматыда жаңадан ашылған Орталыққа қолдау көрсетеді деп үміттеніп отыр. 

 

АЛМАТЫ