• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қазан, 2019

Теннис: Дэвис кубогы басталады

225 рет
көрсетілді

18-24 қараша аралығында Испанияның бас шаһары – Мадридте өтетін Дэвис кубогы жолындағы жарыста Қазақстанның теннисшілері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Байрақты бәсекеде Қазақстанның туы астында Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Александр Недовесов және Андрей Голубев өнер көрсетеді. Алғашқы екеуі әлемдік рейтингте 51 және 57 орындарды иеленуде. Бұл – жерлестеріміздің арасындағы ең үздік көрсеткіш. Сол себепті Бублик пен Кукушкин жекелеген сайыстарда күш сынасады. Ал Недовесов пен Голубев жұптық бәсекеде шеберлік байқасады. Сондай-ақ, Пиреней түбегіне сапар шегетіндер қатарында қосалқы құрамдағы Дмитрий Попко бар.

Бір айта кетерлігі, биылғы жылдан бастап Дэвис кубогы жаңа форматта өтеді. Алты топқа бөлінген 18 команданың арасынан үздік шыққан сегізі ширек финалға жолдама алады. Мадридте Қазақстанның теннисшілері Голландия мен Ұлыбритания құрамаларына қарсы ойнайды.