• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қазан, 2019

Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

999 рет
көрсетілді

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 9 қараша күні АҚШ-тың Фресно қаласында өтетін жарыста канадалық Альберт Онолуносемен күш сынасады.

Бұл күндері Үйеңкі жапырақтар елінде тұрып жатқан 39 жастағы Онолуносе қара құрлықтағы Нигерия елінде туып-өскен. Оның кәсіпқой рингте бақ сынап жүргеніне 15 жылдан асты. Сол уақыт аралығында 27 кездесу өткізіп, 24 мәрте жеңіске жетті. Сегіз бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Екі мәрте ұтылып, тағы бір тартыста тең есеп тіркелді. Өзінің соңғы жекпе-жегін Альберт Онолуносе үстіміздегі жылдың қаңтар айында мексикалық Генаро Ортиске қарсы өткізіп, айқын жеңіске қол жеткізді.

Кәсіпқойлар арасында жеті жекпе-жек өткізіп, соның барлығында мерейі үстем болған 26 жастағы Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқаста WBC Continental Americas нұсқасы бойынша алтын белбеуін қорғайды.