Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, - делінген хабарламада.