Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтуде.
Форумға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500 имам қатысуда.
Жиын барысында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, Діни рәсімдер тізілімі және т.б. құжаттар қабылданды.
«Елордада осымен үшінші рет имамдар форумын өткізіп жатырмыз. Форум аясында қабылданған құжаттар діни, рухани саладағы жұмыстарға жанадан серпін береді деген ойдамыз», деді Бас муфти.