• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2019

Алматылықтар қала тарихын сақтауға қатысатын болады

785 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сәулет ескерткіштері құрамына қаланың  бірегей ғимараттарын енгізу бойынша алматылықтардың ұсыныстарын жинауды тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша  тарихи көркі сақталуы тиіс ерекше ғимараттар мен нысандардың тізімін жасау жөніндегі жұмыс басталды. Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет ескерткіштері тізіміне енуі тиіс ғимараттар бойынша түскен ұсыныстарды жинау жобасын іске қосты.

Алматылықтардың пікірі бойынша сақтаулы тиіс ғимараттар туралы ақпаратты almaty.uaig.kz сайтындағы «Бірегей ғимараттар каталогы» айдарына аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен  фотосын жіберу қажет. Ізгі ниетті азаматтар ұсынған объектілерді  сарапшылар бір айда екі рет қоғамдық комиссияда талқылайды және «Алматының бірегей ғимараттарының каталогына» енгізіледі. Қоғамдық тыңдау болатын күн кейінірек жарияланады.

Қазіргі кезде 757 құнды  тарихи ғимараттар анықталды. Алматының тарихи-мәдени мұрасымен айналысатын сәулетшілер мен белсенділердің кәсіби бір тобы қаланың сәулет ұқсастығын зерттейтін (Archcode Almaty) жобасын ұсынуда, сонда кеңес дәуірі кезінде салынған Қазақстанның бұрынғы астанасының барынша бірегей ғимараттары да еніп, каталогтың мәні арта түсер еді.

Архитектор Жанат Айтілеу бізбен ғимарат­тар­ды тарихи ескерткіш ретінде сақ­тап қалу туралы Үкіметтің шешімі бар. Қазір қала билігінің қолында  тари­хи ескерткіштердің респуб­ли­ка­лық және Алматы қаласы дең­гейіндегі екі тізімі бар. «Тарихи ес­­керткіш бо­­лып табылатын ғи­марат, ол кім­нің меншігінде бол­са да, Үкі­мет­тің қорғауында тұр. Оны бұ­зып, түрін өзгертуге еш­кім­нің құ­қы жоқ», дейді Жанат Айтілеу.

Бұрындары Алматы қаласы ғимараттарының жасы көрсетілген карта  болды, оның құрамына 250 мыңға  жуық нысан енген. Карта қала құрылысының 7 кезеңін қамтиды: Верный кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін:

1)  1927  жылға дейін, қаланың  астана  атануы;

2)  Астаналық  авангард: 1927-1935  жылдар;

3) Классикалық және ұлттық мұраны игеру: 1936-1941  жылдар;

4) Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі классицизм: 1942-1957  жылдар

5) Ерте модернизм: 1958-1969  жылдар;

6) «Жоғары» модернизм: 1970-1995  жылдар;

7)  Заманауи: 1995 жылдан кейін және бүгінгі күнге дейін.