• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2019

Төрт күн ішінде жаяулар жол ережесін 267 рет бұзған

210 рет
көрсетілді

 

21 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полициясы төрт күн бойы жедел-профилактикалық іс-шаралар жасау мақсатымен «Қауіпсіз жол» акциясын жүргізіп, оған 300-ден астам полицей тартылды.

​Соның ішінде 159 патрульдік полицей, 153 учаскелік инспектор және басқа қызметтердің 64 тәртіп сақшысы қатысты. Жалпы айтқанда, полицияның барлық күш - құралдарыжұмылдырылды. Облыс жолдарында 111 бекет пен автопатрульдер қойылды, оның ішінде 39-ы қалаларда және елді мекендерде, 31-і республикалық маңызы бар жолдардаорналастырылды.

​Облыстық Полиция департаменті бастығыныңбірінші орынбасары, полиция полковнигі ДуманТаевтың айтуына қарағанда жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты - жолқозғалысы қатысушыларының арасында жолдажүру тәртібін арттыру, ЖЖЕ бұзушылықтарыныңалдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау екен.

Төрт күнге созылған іс-шараның барысында облыс жолдарында жол жүру ережелерінің 1580 бұзушылығы анықталды. Көлікті масаң күйдетізгіндеген 37 жүргізуші ұсталды. Қауіпсіздікбелдігін пайдаланбағаны үшін - 200, сондай-ақжылдамдықты асырғаны үшін 224 жүргізушіжауапқа тартылды. Ең көп бұзушылық жаяужүргіншілер тарапынан тіркелді, олардың жалпысаны – 267.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда  операцияның көздеген мақсаты - толтырылған хаттамалардың көп болғандығы емес, жүргіншілердің аман болуы үшін күзден қысқа айналар маусымаралық кезеңде жол-көлік оқиғаларын ескерту және олардың алдын алуға басымдық беру болып отыр.