• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2019

Әскери ұшу институтының түлектері алғашқы әскери атақтарын алды

393 рет
көрсетілді

Ақтөбеде курсанттар ұшу институтын бітірді. 

 

Іс-шара дәстүр бойынша  Тұңғыш Президент атындағы қалалық паркте өтті. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бегельдиноватындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институның 104 түлегіне алғашқы «лейтенант» әскери атағы салтанатты түрде тапсырылып, жоғары білім туралы дипломдар мен төс белгілері берілді. Түлектер арасында – ҰҚШҰ бағдарламасы бойынша ЖОО-нда оқыған Қырғызстан мен Тәжікстанның    10 өкілі бар.

​Лейтенанттарды шығару – ерекше дәстүрге толы салтанатты рәсім: жауынгерлік туды алып шығу, алғашқы офицерлік вальсі және курсантретінде соңғы шерумен өту.

Төрт жыл бойы ЖОО-нда курсанттар әскери істі, авиация мамандықтарын меңгеріп, дене шыдамдылықтарын арттырды. Болашақ ұшқыштар мен авиация мамандары ұшу тәжірибесінен және Әуе-қорғаныс күштері авиациялық бөлімдерінде әскери тағылымдамадан өтті, авиациялықтехниканың ұшу және техникалық пайдалану бойынша тәжірибесіне ие болды.

​Қазіргі заманғы әскери ұшақтар мен тікұшақтардың құрылғысының күрделілігі әскери ұшқыштардан терең инженерлік білімді қажет етеді. Сондықтан институтта ұшақты басқарудан басқа ұшу аппараттарының барлық жүйелерін сауатты пайдалану қолдануды үйретеді.

Оқу жылдарында әр курсант оқу бағдарламасына сәйкес майдан, армия немесе әскери-транспорттық авиацияда шамамен 80 сағатты құрайды.

Жас офицерлер арасында әскери авиация мамандарының мамандықтарын игеріп қана қоймай, сонымен қатар спортта, институттың қоғамдық өмірінде және ғылыми жұмыстардажоғары нәтижелерге қол жеткізген, оқу-материалдық базаны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізген түлектер ерекше атап өтілді.

Орталық Азиядағы жалғыз ұшу институтының офицер-түлектері сұранысқа ие және ҚазақстанҚарулы Күштері қатарында қызмет атқарады. Одан басқа, ҰҚК Шекара әскерлері авиациялық бөлімдерінде және ІІМ арнайы бөлімшелерінде қызмет ете алады.