• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қазан, 2019

Президент: Ольга Рыпакованың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі көпке рух береді

138 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады.

«Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға!» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.