• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қазан, 2019

Қазақстанның ерлер құрамасы Қытайдан жеті жүлдемен оралды

494 рет
көрсетілді

Қытайдың Ухань қаласында аяқталған Дүниежүзілік жазғы әскерилер ойындарында бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы жеті жүлде жеңіп алды.

 

49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен 69 кило салмақтағы Асланбек Шымбергенов бас жүлдені олжалады. Финалда ұтылған 64 кило салмақтағы Ділмұрат Мижитов пен 91 кило салмақтағы Абзал Құттыбеков күміс медальді мойындарына ілді.

Ал жартылай финалда сүрінген 75 кило салмақтағы Тимур Нүрсейітов пен 81 кило салмақтағы Аят Маржықбаев қоланы қанағат тұтты.