• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2019

Қаржы министрлігінде сарапшылар бас қосты

186 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігінде Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының қаржы департаменттерінің бухгалтерлік есеп пен шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға жауапты қызметкерлеріне арналған «Бюджеттің орындалуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ қаржы бөлімдерінің бас бухгалтерлеріне мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау ережелері түсіндірілді, шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

Қатысушылар сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға (негізгі құралдарды есепке алу, дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу, активтерді уақтылы бермеу және есептен шығару туралы) түсініктемелер алды.