• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Қазан, 2019

Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады

137 рет
көрсетілді

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл Қазақстан Үкіметі Басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары болады, онда Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өтеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысып, Shell, BITFURY, SUEZ GROUP, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компанияларымен келіссөздер өткізеді және бірқатар инновациялық нысандарды аралайды.