• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 28 Қазан, 2019

Төрт боксшымыз Токиода жұдырықтасады

1131 рет
көрсетілді

Бүгін Токиода бокстан тестік турнир басталады. Олимпия ойындары қарсаңында дәстүрлі түрде өтіп тұратын айтулы жарыста көптеген мемлекеттерден келген бірқатар белді былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.

Жапонияның астанасында Қазақ елің намысын төрт боксшы қорғайды. 52 кило салмақ дәрежесінде әйгілі бапкер Мырзағали Айтжановтың шәкірті Сәкен Бибосынов өнер көрсетеді. Ол биылғы жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және былтырғы жылғы студенттер арасындағы дүниежүзілік доданың жеңімпазы. 63 кило салмақта Санатәлі Төлтаев бақ сынаса, 91 кило салмақта Айбек Оралбай шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ әйелдер құрамасының мүшесі, бірқатар республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген Рима Волосенко да Токиоға сапар шегеді. Ол 60 кило салмақта шеберлік байқасады.