• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2019

Елорданың 137 бағдаршамы интеллектуалық көлік жүйесіне қосылды

336 рет
көрсетілді

2015 жылы астанада интеллектуалды көлік жүйесі таныстырылды. Бүгінгі күні оған қаладағы 504 бағдаршам нысанының 137-і қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан  жолдарының  35% интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылды. Қазір жобаның үшінші кезеңін жобалау жұмысы аяқталып жатыр. 2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғырту көзделіп отыр, ол -118 бағдаршам.

Айта кетейік, бұл жүйе қалалық трафиктің проблемасын толығымен шеше алмайды. Мәселені шешу үшін кіші көлік айналымының құрылысын аяқтау керек, ол көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Мәңгілік ел даңғылына балама ретінде Тәуелсіздік даңғылы құрылысының жалғасын аяқтау керек.

«Сол жағалау толығымен интеллектуалдық жүйеге қосылған, алайда мұнда көлік коллапсы жиі болып тұрады. Бірінші кезекте тұйық көшелер мен негізгі магистральдарды өткізу керек. Тіпті, көптен күткен Асан қайғы көшесінің құрылысы мәселені шеше алмайды, өйткені ол тәжірибе жүзінде Уәлиханов көшесін қайталап отыр. Кептелістер Кравцов көшесінен басталып, Таха Хусейн көшесіне тіреледі, одан Тәшенов көшесінен сол жағалауға Мәңгілік ел даңғылына тіреледі. Әрі қарай көлік жүре алмайды. Сол жерде кептелістер басталады», - деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда бес құрылыс жүргізу ауданы мен өнәркәсіптік аймақ анықталды, ол жерде бірінші кезекте  көше-жол желісі дамытылатын болады.