• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2019

Президенттің Қырғызстанға сапарына дайындық пысықталды

162 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қырғыз-қазақстандық СІМаралық консультацияларға қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чыңгыз Айдарбековпен кездесті.   

Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан арғы іс-қимыл перспективаларын талқылады.