• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2019

Бішкекте екі ел Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті

430 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев деңгейінде және тараптардың жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қазақстандық-қырғыз Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасында туризмді дамыту бойынша өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар жоғары және биік деңгейлерде, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастық шеңберінде болатын алдағы кездесулер мен сапарлардың күнтізбелік жоспарын қарастырып, халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.  

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына қараша айына жоспарланған мемлекеттік сапары қарсаңында өткен Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар тараптарға өзекті мәселелер бойынша әрекеттерді сәйкестендіруге және  одан арғы өзара іс-қимыл перспективаларын жоспарлауға мүмкіндік берді.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық және тату көршілік, одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.