• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Президент 31 Қазан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

403 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар поезында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.